Отбасы – ұлттың тірегі

Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Адамгершілік  құндылықтарды жаңғыртуға,  отбасы мәртебесін артыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы құндылыққтарын дәріптеуге негізделген. Қа­сиетті құндылығымыздың қара­шығындай болған дәс­тү­рімізді дәріптеп, ата-анасын ар­дақтап, өмірдің әр саласында өзін көрсете білген отбасылар бар­шылық. Олар­дың жарқын ісі жалғасын тауып, кейінгіге өнеге болуы керек. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15 мамырда «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы басталды. Жуырда Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Сайыста бүкіл қала мақтан мұғалімдер әулеті жеңімпаз атанды. Жеңімпаз отбасы Алматы қаласын республикалық деңгейде таныстыратын болады.

Ағымдағы жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудан әкімдіктерінде Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінімдер қабылданып,
қала бойынша 250 отбасы қатысуға ниет білдірді.

15 маусым мен 30 маусым аралығында аудандық комиссия құрамы өтінімдерді қарап, 2 үздік шыққан отбасыны қалалық комиссияның қарауына жолдады. Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінім берген отбасылардың ішінен аудандық деңгейде үздік деп танылған 16 (әр ауданнан 2 отбасы) отбасының құжаттары 1 шілдеде қалалық комиссия отырысында қаралды. 15 шілдеде Алматыда «Мирас» салтанат сарайында Ұлттық конкурстың қалалық кезеңінің  қорытындысы бойынша 8 аудан мен Алматы қаласының жеңімпаз отбасыларын естелік сыйлықтармен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Ұлттық конкурстың Алматы қаласы бойынша жеңімпазы – Дүйсебаевтар отбасы деп танылды. Дүйсебаевтар отбасы – ұстаздар отбасы. Ұлбосын Дүйсебаева 40 жыл ұстаз болған көп балалы ана, ақжаулықты әже. Жұбайы марқұм Дүйсебаев Әбдікамал да ұлағатты ұстаз, ақын болған, 4 кітабы жарық көрген. Дүйсебаев Әбдікамалдың 5 бауыры, Дүйсебаева Ұлбосынның 4 бауыры, әке-шешелері де ұстаз болған. Ұлбосын апаның әкесі Әбен Шерімбетов Мақтарал ауданындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің тұңғыш директоры болған. Дүйсебаевтар отбасы 9 бала, 25 немере, 9 шөбере сүйіп отырған көп балалы әулиет. Қазіргі таңда Ұлбосын апаның 9 баласы да ұстаздық жолында еңбек етіп етуде, 3 немересі де атадан қалған жолды жалғастырып келеді. Әулеттің педагогикалық еңбек өтілі 501 жыл.

Қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында Ұлттық конкурс лауреаттарын дипломдармен марапаттаудың Республикалық салтанатты рәсімі өтеді. Бұл рәсімге Алматы қаласынан Дүйсебаевтар отбасы қатысады.

Г.Тұрсынқожа