Өртке қарсы күрес: Қарағанды облысында 53 өрт сөндіру бекеті мен 505 ерікті жасақ жұмыс істейді

Қарағанды облысында табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою үшін 10 станция, 53 өрт сөндіру бекеті және 505 ерікті жасақ құрылды.
Өрт қаупі бар кезеңнің өтуі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте өрт мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев айтып берді.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жалғасуда. Оларды мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ жерлерде ашады.
Жергілікті атқарушы органдар 53 бекет құрды. Олардың қорғауында 91 елді мекен бар. Онда 58 мыңнан астам адам тұрады.
– Өрт сөндіру бекеттері 30 өрт сөндіру техникасымен және 75 бейімделген техникамен жабдықталған, олар өрт-техникалық қарумен жабдықталған, – деп хабарлады Нұрлан Жақыпбаев. – 2022 жылы Осакаров, Ақтоғай және Нұра аудандарында сегіз бекет құрылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қарқаралы және Нұра аудандарының аумағында қосымша бекеттер ашу жоспарда бар.
Өртке қарсы ерікті құрылымдар табиғи апатпен күресуге көмектеседі. Олардың құрамында 6 мыңға жуық адам, 1600-ден астам техника және 134 өрт сөндіру мотопомпалары бар.
Сондай-ақ, 69 мобильді топ жұмылдырылды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері олардың қатысушылары ұйымдар мен халық үшін 400-ден астам рейд, 1500-ден астам жиын, нұсқама және дөңгелек үстел өткізді.
Облыс аумағындағы орманды дала алқаптарындағы төтенше жағдайларды бақылау және жану ошақтарын анықтау үшін ғарыштық мониторинг қолданылады.

Жомарт Шаймұрат