Өрт қауіпсіздігі – өзекті мәселе
Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да, бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан, қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қажет. Күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрттердің орын алу қаупі арта түседі. Аптапта ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарына болады. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орын толмас оқиғаларға ұрындырады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен тұрмыстық газ құралдарынан өрт сирек болып тұрмайды. Бұл өрттердің негізгі себебі – герметикасы бұзылған құбырлар, жалғанатын тораптардың немесе газ плиталары жанғыштарынан газдың ауаға таралуынан болады. Қарашаның 5-і күні Алматыда төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Самал шағын ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндірген. Өрт сөндірушілер келген кезде бос тұрған ғимараттың шатырынан түтін шыққаны анықталған.
Табиғи және сығылған газ баллоны ауамен қосылып қауіпті жарылғыш қоспа құрайды. Сондықтан да үй жайларда газдың иісін сезгенде сіріңке жағуға, от шақпағын, электр сөндіргіштерін қосып ажыратуға, үй жайға темекі немесе ашық отпен кіруге болмайды – бұның барлығы газдың жарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Өрттердің басым бөлігі әдетте, қызу салдарынан газ баллондарының жарылу себептерінен болады. Баллондарды көбінесе қыс мезгілінде өз бетімен ерігенін тоспай, редуктор ілмек клапанының қатып қалуын болдырмау мақсатында оларды жылыту құралдарының қасына немесе ыстық суға түсіреді.
Газбен жабдықталған пәтерлерде газ плиталары орналасқан үй жайды күнде таңертең желдету ұсынылады. Газдың шығуын байқау үшін отты қолдану үзілді-кесілді тыйым салынады, ондай жағдайларда тек қана сабынды су қолдануға болады.
Егер де газдың шығуы газ құралдарында ашық краннан шыққан болса, оны жауып тастап, үй жайды мұқият желдету керек және содан кейін ғана отты жағуға болады.
Газ құралдарын қосуға және пайдалануға осы құралдардың құрылымымен таныс емес адамдарға және балаларға рұқсат беруге болмайды. Егер де газдың иісін сезсеңіз, газ құралдарын пайдалануды тоқтатып оны өшіру керек.
Өрттің де, судың да артында адамның тағдыры тұр. Әсіресе жаз, күз мезгілінде, қуаңшылық орын алған жерде өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Шөптердің жануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақтырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жарамды шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болуы ықтимал.
Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өртпен, жазым болса тұңғиығына тартып кететін судың да адам үшін қаупі басым.
«Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған кеспе ағаштар, шөбі қурап қалған жерлер маңайында от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау — әрбір адамның міндеті. Өрттің шығу себептері: электр жабдықтарының ақаулығынан, балалардың ашық отпен ойнауынан, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, мас күйінде темекі шегіп ұйықтап қалуынан, тұрмыста болсын, қызметте не сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан туындайды.
Жаз, күз мезгілінде температуралық фонның жоғарылауы байқалады, осыған байланысты құрғақ шөптің жану фактілерінің көбеюі мүмкін, өйткені өрт қауіпті маусым орман және дала өрттерімен қауіпті. Табиғи өрттер — катаклизм, табиғат үшін үлкен апат, ормандар планетаның өкпесі, орман жанса — ауа ластанады. Тауларда, орманды дала аймақтарында өрт қауіпсіздігі және су айдындарындағы қауіпсіздік өткір мәселе болып табылады. Осыған қоса қазіргі уақытта белсенді демалудың сәнді үрдісі, шыңдарды бағындыру, жаяу серуендеуге арналған әдемі жерлерге бару өкінішке орай, туристтердің назар аударарлық орындар жоғалту жағдайларының көбеюіне, таулардағы туристер, жазатайым оқиғаларға және кейде қайғылы аяқталуына әкеледі.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖД қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Өрт қаупі кезеңі басталғаннан уақытта, өрт қауіпті маусымда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, дөңгелек үстелдер, нұсқаулықтар және рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатыға көтерілуді, газқағарды қолдануды, қалың түтінде қозғалуды, жүгіруді, секіруді, ауыр заттарды көтеруді үйрену керек, бірақ ең қиын нәрсе – ол әр сәтте біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын болу. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.
Егер Сіз өрт сөндіруші болуға қызығушылық танытсаңыз, онда бұл жұмыстың не екенін нақты білуіңіз қажет. Кез келген өрт – қорқынышты көрініс. Өрттің қармағына түскен қарапайым адамдардың көпшілігі жабырқап қозғалмай қалады немесе керісінше, олар бір нәрселерді өз бетінен белсене қозғалып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырып алуы мүмкін. Бірінші және екінші жағдайда, егер өрт сөндіруші мамандары көмекке келмесе, адамдар өлімге душар болады. Өртте өрт сөндірушілер бірден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін барлық мүмкіндікті жасайды, сондай-ақ түтікқұбырларын ашып, өртті сөндіруге кіріседі. Бөлімше командирі қандай тактиканы пайдалану қажеттігі туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша күштерді шақырады. Өрттің әрбір түрін сөндіру үшін белгілі бір стратегиялар мен арнайы жабдықтар қолданылады. Кез келген өртте барлау жүргізу қажет. Бір-бірімен арқанмен байланысқан бірнеше тәжірибелі жауынгерлер оттың қармағына түскен барлық адамдарды құтқару үшін аптап ыстыққа жіберіледі. Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері ай сайын орта білім беру мектептерінде, әскери бөлімдерде азаматтық қорғау органдарына қызметке тұрудың жаңа рәсімдерін түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Табиғатты, ормандарды және тауларды қорғаңыз! Барлық өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз ! Өрт болған жағдайда 101 және 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
«Тілсіз жауға» жол бермес үшін сақтық шараларын қолға алайық.
Г.Тұрсынқожа

