“Өмірін өрнектеген өнерімен”

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында “Өмірін өрнектеген өнерімен” атты Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізген қазақ әні мен жырына зор үлес қосқан әнші, сазгер, ақын – Тоғай Тұңғатов, Көпжасар Арынұлы, Ынтымақ Шерәлиев ағаларымызды еске алу кеші өтті.
Созақ, Талас аудандары, Тараз қаласынан туған -туыстары жақындары, достары және Талас ауданының белгілі ақын-сазгері Қасқырбай Нарбатыров сынды ағаларымыз келіп кешіміздің қонақтары болды.
Аудандық мәдениет үйінің күміс көмей әншілері, “Айжанқыз” би ұжымының мың бұралған бишілері, жақында ғана мәдениет үйінің жанынан құралған “Асыл аналар” тобы Тоғай Тұңғатовтың “Қазақстан ,пай-пай-пай! ” әнімен бастаса, К.Арынұлының сүйіп тындайтын әндерін көрермендердің жүректеріне жеткізді.
Ы.Шералиевтің “Әке”,”Киелі мекенім – ай”, “Ана” әндерін өз нақыштарында орындап, кеш соңын ауданымыздың гимініне айналған “Сарысуым” әнімен аяқтады.
Өте әсерлі, жан тебірентер кешті жергілікті жас ақын – Бекайдар Аманбаев Алматы қаласынан арнайы келіп осы еске алу кешіне шығарған “Үш қыран қалқып ұшып бара жатыр” өлеңімен бастап, “Айжанқыз” би ұжымының үш қыранын сомдаған бишілері тақырыпты толықтырыпп көрермен көңілінен шықты.
Кеш соңында Т.Тұңғатов, К.Арынұлы, Ы. Шералиевтің туған – туыс жақындары, достары алғыстарын айтып, еске алу кешін ұйымдастырған мәдениет үйінің ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Сарысу ауданы