Кітап оқып, жеңімпаз бол

Ақтоғай орта мектебінің кітапханасында 2020- 2021 оқу жылында «Кітап оқып, жеңімпаз бол!» атты мектепішілік байқау жарияланған болатын. Осы байқау аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталған.

Жобаның мақсаты – оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Осы жоба аясында мектеп кітапханасында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздік –ел мұраты», Сара Назарбаеваның 80 жасқа толуына орай «Мейірім төккен ана», Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы дала жыршысы», Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты «Ақиық ақын» атты көрмелер жасалып, оқушылар ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқыды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында апта соңында көркем әдебиет оқып, іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. САРЫСУ АУДАНЫ