ОФИЦЕРЛЕР САРАЙЫНА Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫН БЕРУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Атау берудің арғы жағында еліміздің батырларына арналған кешенді музей ашу, отансүйер ұрпақ тәрбиелеу сияқты үлкен мақсаттар тұрғаны белгілі. Тура бір жыл бұрын осыған байланысты ой-пікіріміз бен ұсынысымызды әлеуметтік желіге жариялаған болатынбыз. https://www.facebook.com/share/19dcLbC629/?mibextid=wwXIfr Расында, отандық әскер тарихына әділетті көзқарас, ұстаным осылай орнығады.
Ең әуелі әскери қолбасшы, аңыз адам — батыр Баукеңнің аруағын сыйлап, оның өшпес ерлігіне адалдық, артына қалдырған мұрасына жанашырлық танытқан азаматтардың баршасына ризашылығымызды білдіреміз. Оны бірінші болып қолдаған «ҚР Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі төралқасының төрағасы, запастағы генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсековке,(жекелеген қоғамдық ұйымдар бұл маңызды мәселеге немқұрайды қарады), еліміздің Қорғаныс министрлігіне, азаматтарды жеке қабылдау барысында халық үніне құлақ асып қана қоймай, оны шешу үшін тиісті тапсырмалар берген Алматы қаласының әкімі — Дархан САТЫБАЛДЫҒА шын жүректен алғыс айтамыз.
Бұл қадам Президент Жолдауындағы
“Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет” деген талапты іске асыруға да сай келеді.
Өйткені, елдікті, бірлікті, батырлықты, ел тарихында еңбегі орасан тарихи тұлғаларды дәріптеуге бағытталған ұсыныстар әрдайым халықтың қолдауына ие болады.
Дархан МЫҢБАЙ facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19vCdnbTy6/