Бүгінгі ой…
Бүгін Мұхтар Әуезовтің «Оқыған азамат» әңгімесін оқыдым.
Бір қызығы, жазушы өз заманындағы оқыған, білімді адамдардың арасынан да адамгершіліктен, ар-ұяттан ада жандардың кездесетінін шебер суреттеген.
Осы шығарманы оқи отырып, еріксіз бір ойға қалдым: егер Мұхтар Әуезов бүгінгі заманда өмір сүріп, айналамыздағы қоғамдық құбылыстарды өз көзімен көрсе, не жазар еді?
Бәлкім, «Оқыған азаматтың» бүгінгі бейнесін басқаша сипаттар ма еді?
Өйткені білім алу – бір бөлек, адам болу – бір бөлек. Диплом мен лауазым адамның биіктігін өлшемейді. Адамның шынайы болмысы оның білімімен ғана емес, ар-ұятымен, әділетімен, кісілігімен және өзгеге жасаған жақсылығымен өлшенеді.
Заман өзгергенімен, адамгершілікке деген талап өзгермеуі керек.
Адам оқыған сайын білімді ғана емес, адамгершілігі мол тұлғаға айналса екен!
Меніңше, осы шығарманың бүгінгі күнге қоятын ең үлкен сұрағы: Біз білімді қоғам қалыптастырып жатырмыз ба, әлде білімді әрі адамгершілігі биік қоғам қалыптастырып жатырмыз ба?
Есберген Оразұлы! facebook парақшасынан https://www.facebook.com/yesbergen.alaukhanov/posts/pfbid0PfSxNihBNPRYzbBKJZ9p5fEHSag2EXXAvBMSfgezgBNTfJZL4xXZfzrCvyAZyDyXl

