ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА БОЛДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлы жұмыс сапарымен ауданда болды. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы Қылышбай ауылының сумен жабдықтау және тарату жүйесінің құрылысымен танысып, мембраналық қондырғымен ауыл ішін аралап судың сапасын көрді. Мұнда облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлына және сала басшыларына, ауыл ішін қайта аралап көріп судың сапасын қайта тексеруді айтты.

Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы Шығанақ ауылдық окрігінің Буырылбайтал елді мекенінен бастау алатын Буырылбайтал, Мирный, Қияқты елді мекендеріндегі ауыз су имаратарының жағдайымен танысты. Мұнда кеткен кемшіліктерді алға тартып, кейбір сұрақтарды пысықтау керектігін айтты.

Сапар соңында Рүстем Рысбайұлы Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебінің апаттық жағдайы мен мектеп қазандығының жылыту жүйелерін көрді. Сондай-ақ «Көгершін» балабақшасының жағдайын көрді. Мұндағы жұмыстарды аудан әкімі Әлихан Балқыбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевпен бірге толықтай түсіндіріп өтті.

Мойынқұм ауданы