
Ақтөбе облысында оқу жылын 189 436 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 11 099 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.

Бүгін өңіріміздегі барлық жалпы білім беру ұйымдарында түлектерге арналған мектеппен қоштасу шаралары өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы орта білім беретін мектептегі «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиынға қатысты.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп 2025 жылы ашылып, биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарып салды. Оқу орнын 90 оқушы аяқтайды, олардың ішінде 4 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер және 10 оқушы – үздік аттестатқа үміткер.

Өз сөзінде аймақ басшысы ақтөбелік барша түлекті өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, өңірде сапалы білім алуға және жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
«Сіздер үшін өмірдің жаңа кезеңі басталуда. Мектеп жылдары достық, алғашқы жеңістер, жарқын эмоциялар мен маңызды жаңалықтардың уақыты ретінде есте қалады. Алда әрқайсыңызды өз жолыңыз, жаңа мақсаттар мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елде заманауи мектептер ашылып, сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Сіздер – «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған осы жаңа мектептің алғашқы түлектерісіздер. Мұнда алған білімдеріңіз болашақ жетістіктеріңіздің берік негізі болатынына сенемін.
Ең бастысы – биік мақсат қоюдан қорықпау, үнемі дамып отыру және өз күшіңізге сену. Ұстаздарыңызға құрмет, туған жерге сүйіспеншілік және қоғамға пайдалы болуға ұмтылыс әрдайым серігіңіз болсын. Осы салтанатты сәт сіздер үшін бақытты, қызықты әрі табысты өмірдің бастауы болсын», – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған ұстаздар мен ата-аналар қауымына ризашылығын білдірді.

№82 мектепте 2 419 оқушы білім алады, мұнда 184 педагог жұмыс істейді. Жобалық сыйымдылығы 2 000 орын болғанына қарамастан, заманауи инфрақұрылымы мен қолайлы оқу жағдайларының арқасында бұл мектеп қаладағы ең сұранысқа ие білім беру ұйымдарының біріне айналған.

Салтанатты жиынның мерекелік атмосферасын оқушылар дайындаған музыкалық нөмірлер толықтырды.

Шараның шарықтау шегі – түлектер орындаған дәстүрлі мектеп вальсі болды. Бұл ерекше сәт оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды бір арнаға тоғыстырған әсерлі көрініс ретінде есте қалды.

Аким области Асхат Шахаров пожелал актюбинским выпускникам доброго пути

В Актюбинской области учебный год завершают 189 436 учащихся. Из них 11 099 выпускников прощаются со школой и вступают во взрослую жизнь.

Сегодня во всех общеобразовательных организациях региона прошли мероприятия, посвящённые прощанию выпускников со школой. Аким области Асхат Шахаров принял участие в торжественной линейке «Мектебім, саған мың алғыс», которая состоялась в средней общеобразовательной школе №82 города Актобе.

Школа, построенная в рамках национального проекта «Келешек мектептері», открылась в 2025 году и в этом году провожает своих первых выпускников. Учебное заведение оканчивают 89 учащихся, среди которых 4 претендента на знак «Алтын белгі» и 10 претендентов на аттестат с отличием.

Выступая перед собравшимися, Асхат Шахаров поздравил выпускников с важным этапом в жизни и отметил, что сегодня в регионе создаются все условия для получения качественного образования и всестороннего развития молодёжи.
«Для вас начинается совершенно новый этап жизни. Школьные годы останутся в памяти как время дружбы, первых побед, ярких эмоций и важных открытий. Впереди у каждого собственный путь, новые цели и большие возможности. По инициативе Главы государства Касым-Жомарт Токаев в стране открываются современные школы и создаются условия для качественного образования. Вы – первое поколение выпускников этой новой школы, построенной в рамках проекта «Келешек мектептері». Уверен, что знания, полученные здесь, станут прочной основой ваших будущих успехов.
Самое главное — не бояться ставить перед собой высокие цели, постоянно развиваться и верить в свои силы. Желаю вам сохранить уважение к своим учителям, любовь к родной земле и стремление быть полезными обществу. Пусть этот последний школьный звонок станет для вас началом счастливой, интересной и успешной жизни», — пожелал глава региона выпускникам.

Аким области поблагодарил педагогов и родителей за вклад в образование и воспитание подрастающего поколения.

В школе №82 обучаются 2 419 учащихся, здесь работают 184 педагога. Несмотря на проектную мощность в 2 000 мест, школа уже стала одним из самых востребованных учебных заведений города благодаря современной инфраструктуре и комфортным условиям для обучения.

Праздничную атмосферу линейки дополнили музыкальные номера, подготовленные учащимися.

Кульминацией торжества стал традиционный школьный вальс в исполнении выпускников. Этот трогательный момент объединил учеников, учителей и родителей в особенный для всех день.