Нұр-Сұлтанда маса, шыбын-шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жүргізілуде

Нұр-Сұлтанда маса, шыбын-шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жалғасуда. Таяз су айдындарын мұқият өңдеуге бағытталған дезинфекциялаудың үшінші кезеңі басталды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы дезинсекцияның қамту аумағы ұлғайды. Осылайша, аумақты масадан өңдеу жоспары 20%-ға және су қоймаларын өңдеу 25%-ға ұлғайды. Масаларға қарсы 230 миллион шаршы метрден астам аумақ өңделді. Оған энтомологтар мен дезинсекторлар қатысты. Дезинсекция роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де екі ауысымда жүргізіледі. Дезинфекциялаушылардың жұмысы масаларды толықтай жоюға емес, санын азайтуға бағытталған. Масалармен тиімді күресудің тағы бір маңызды бағыты мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау орындары, сауда үйлері және т.б. Жұмыс жазғы маусымда жүргізілетін болады.