Нұр-Сұлтанда кәсіпкер Бизнестің жол картасы бағдарламасының арқасында сатылымды төрт есе арттырды

 

Биыл грант мөлшері екіден бес миллион теңгеге дейін, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша елорда әкімдігінің гранты «Candy & Sandy» қантты мақта сату желісінің негізін қалаушыға кірісін арттыруға көмектесті.

«Біз БЖК бағдарламасы бойынша үш миллион теңге көлемінде грант ұтып алдық. Бұл сома бізге шығындарымыздың белгілі бір бөлігін өтеп, сауда нүктелерін көбейтуге көмектесті. Бөлінген ақшаны біз сауда орталықтарында қосымша пункттер ашуға пайдаландық. Грантқа дейін бізде екі пункт болса, қазір олардың саны төртке жетті. Егер карантин болмаса, одан да көп болар еді. Сауда орталығынан сауда нүктесін ашу көп инвестицияны қажет, жалдау қымбатырақ, талаптар жоғары болады. Бүгін нәтижемізге ризамыз. Сатылым төрт есе өсті. Біздің жоба Орта Азия жастары фестиваліндегі ең жақсы стартап атанды», – дейді «Candy & Sandy» негізін қалаушы Райым Сайлау.

Кәсіпкер студент кезінен бизнес-идеялар іздеп, кәсібін ашуға шешім қабылдаған.

«Университетте бізге тек кәсіпкерлер ғана емес, жас бастаушы студенттер де орындай алатын бизнес-жоспар құру тапсырмасы берілді. Тапсырма бойынша серіктесім – болашақ жарым екеуміз идея туралы ойлана бастадық. Ұзақ уақыт бойы үлкен инвестициялар мен тәжірибені қажет етпейтін қолайлы кәсіп іздедік. Бірде, саябақта серуендеп жүргенде, маған қантты мақта жасау туралы ой келді. Ол кезде қантты мақта сату онша қиын емес көрінді», – дейді Райым Сайлау өз ісінің құрылуы туралы.

Кәсіпкер қандай кәсіп түрімен айналысқысы келетінін түсінгеннен кейін, нарықты, жұмыстың ерекшелігін зерттей бастады. Ол үшін саябаққа жұмысқа тұрды.

«Тәжірибе жинағаннан кейін жабдық сатып алдық. Бірінші сауда нүктесі Жетісу саябағында орналастырылды. Жұмыс барысында бәрі біз ойлағандай оңай емесін түсіндім. Шығындар жоспарланғаннан екі есе көп болды. Инвестициялар мен серіктестер іздей бастадық. 2019 жылы «БЖК» гранттары туралы хабарландыруды көріп, өтініш бердік. Осылайша жобаны комиссия алдында қорғап, грант алдық», – дейді Candy & Sandy негізін қалаушы.

БЖК бөлінген ақшамен кәсіпкер жаңа сауда нүктелері жұмысын ұйымдастыру үшін қантты мақта аппараттарын, арба, бояғыштар, ингредиенттер, таяқшалар сатып алды. Кәсіпкер жаңа жабдықты сатып алу кезінде сапа, қауіпсіздік және барлық стандарттарға мән бергенін айтады.

«Өніміміз сапалы болуы керек, өйткені жаппай шығарылады. Біз қантты мақтаны банан, құлпынай, қара бүлдірген, апельсин, шоколад және т.б. дәмімен дайындаймыз. Яғни, Қазақстанда алғаш рет тәтті мақта дәмі басқаша. Біздің басты айырмашылығымыз – қантты мақтаны әр түрлі кейіпкерлер түрінде жасаймыз: Angry birds, Темір адам, Өрмекші адам, Халк, ойыншықтар, аюлар және т.б.», – дейді кәсіпкер.

«Бизнестің жол картасы 2020» Қазақстанда 2010 жылы іске қосылды. Қарыздарды субсидиялау және кепілдендіру операторы – «Даму» қоры. Бұл бағытқа қатысу үшін кәсіпкер екінші деңгейлі банкке хабарласуы керек. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы гранттық қаржыландыруға өтінімдерді жинауда. Гранттың сомасы екі-бес миллион теңге аралығында. Байқауға қатысу үшін үміткерлер өтінішті http://uir-astana.kz/ сайтына жіберулері керек. Талаптар мен құжаттар тізімі осы ресурста көрсетілген.