Елордада Халықаралық жастар күні онлайн-концерттермен, шеберлік сыныптарымен атап өтілуде

 

Мәдени бағдарламаның көп бөлігі онлайн режимде өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлемде Халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда атап өтіледі. Нұр-Сұлтанда осы датаға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Жіп графикасы өнерін үйренгісі келетіндер үшін «Стринг Арт» шеберлік сыныбы өткізілді. Сондай-ақ акциялар мен конференциялар өткізіліп, онда жасөспірімдер мен жастардың дамуына қатысты мәселелер көтерілді.

Бүгін «НАЗ» мемлекеттік би театрының әртістері онлайн форматта «Жастар елімнің ертеңі» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.

14:00-ден 20:00-ге дейін Nomad театрының әртістері жастарды онлайн-платформа арқылы құттықтайды. Тікелей эфир @nomad_teatry және @nomad_cityhall Инстаграм парақшаларында.

20:00-де актриса, Қазақстан Республикасы Президенті степендиясының иегері Саида Максумованың, «Құрмет» орденінің иегері, театр директоры Ернар Жұматаевтың қатысуымен ZHASTAR MUSIC онлайн-концерті өтеді. Тікелей эфир @zhastar_teatry Инстаграм парақшасында