Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жексенбі күні, 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.