«Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы «Балаларды мектепке даярлайық» акциясын өткізді

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында «Бақытты отбасы – бақытты балалық» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» акциясының қорытындылары шығарылды. Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан Білім күнімен құттықтады.

— Оқу жылының басталуы – оқушылар үшін ғана емес, бірінші кезекте ата-аналар үшін жауапты шақ, — деді Илья Теренченко. – Біздер балаларымызды мектепке даярлап, олардың жақсы білім алып, болашақта елдің нағыз азаматтары болғанын қалаймыз. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, балаларыңға зор денсаулық пен оқудағы сәттілік тілеймін!

Акция барысында аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажет киім-кешек сатып алуға арналған 20 мың теңгелік 14 сертификат табыс етілді. Кеңсе тауарларын сатып алуға арналған тағы 15 сертификатты партияның Павлодар қалалық филиалы Екінші Павлодар мөлтек ауданында тұратын отбасыларға береді.

Шараға белсенді қатысқан кәсіпкер, әйел-кәсіпкерлер клубының мүшесі Сәуле Исағұлова өз қаражатына 1 млн. теңге тұратын 100 мектеп формасын сатып алды. Іс-шара барысында көмекке зәру оқушылардың ата-аналары сол формаларды тегін алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттағы партия депутаттық фракциясының басшысы Айман Оспанова мен «Перинаталдық орталық» бастауыш партия ұйымының бастамасымен Білім күнінің қарсаңында мектеп табалдырығын аттайтын балаларға 9 сөмке мен кеңсе жинақтарын табыс етті.

Айта кетейік, аталмыш акция облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында өтті. Оның аясында аз қамтылған отбасылар балаларының мектепке лайықты әзірленулеріне жан-жақты көмек көрсетілді. Іс-шараның өткізілуіне түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары – партия депутаттық фракциясының мүшелері белсенді атсалысты. «Балаларды мектепке даярлайық» республикалық акциясы жыл сайын өткізіледі. Биыл облыс көлемінде жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам барлығы 870-тен астам отбасына көмек көрсетілді.

 

Әлихан Рахметоллаұлы