Наурызнама күнтізбесі
Биыл Наурыз мейрамы 10 күн бойы, 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» күнтізбесі бойынша аталып өтеді. Әр күннің өзіндік мәні бар. Осыған орай әр күннің мазмұнына сай игі істер жасаған жөн.
🔹 14 наурыз — Амал мерекесі. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектер айтады.
🔹 15 наурыз — Қайырымдылық күні. Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасап, жақсылық жасауға арналған күн.
🔹 16 наурыз — Мәдениет пен дәстүр күні. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, мәдени шараларға қатысып, үлкендердің өнегесін алатын күн.
🔹 17 наурыз — Шаңырақ күні. Отбасы құндылықтарын дәріптеп, туған-туыспен бас қосып, шаңырақ бірлігін нығайтатын күн.
🔹 18 наурыз — Ұлттық киім күні. Ұлттық киім киіп, қазақ халқының мәдениеті мен сәнін насихаттайтын күн.
🔹 19 наурыз — Жаңару күні. Жаңа бастамаларға қадам жасап, жақсы әдеттер қалыптастырып, жаңаруға ұмтылатын күн.
🔹 20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, спорттық жарыстарға қатысатын күн.
🔹 21 наурыз — Ынтымақ күні. Достық пен татулықты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен келісімді дәріптейтін күн.
🔹 22 наурыз — Жыл басы. Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп, наурызкөже әзірлеп, ақ дастарқан жайып, жаңа жылды қарсы алатын күн.
🔹 23 наурыз — Тазару күні. Айналаны тазалап, табиғатты қорғап, жаңа жылды таза көңілмен бастайтын күн.

