НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫН АДАМ ОРАЗА ТҰТА АЛА МА?

Пенде иман келтірген болса оның іс-амалдарындағы кемшіліктері, жасаған күнәлары оны діннен шығармайды. Ол мұсылман болып есептеле береді.

Бірақ, құлшылықсыз дін бүтін бол- майды, иман кәміл саналмайды және құлшылықтан ада тұру иманды әлсіретіп, түбінде имансыздыққа апарады. Сондықтан, ізгі амалдардың қолымыздан келетінінен бастап, дереу бір сәт те жоғалтпастан, құлшылыққа кірісе беруіміз керек. Сол себепті, намаз оқи алмай жүрген адам ораза ұстауына, әрине, болады. Болады емес-ау, ұстауы керек! Өйткені, әр құлшылықтың орны бір басқа, сұрауы бөлек. Біреуге 200 теңге қарыз
болсаңыз, 200 теңге жинағанымда бір-ақ беремін деп созып жүре бергеніңізден гөрі, «Қазірше жүзін бере тұрайын!» десеңіз жаман болмас еді. Қайта, әлгі кісі сіздің қарызыңызды түбінде өтейтініңізге көзі жетіп, қуанып та қалар еді. Сондықтан,
оразаңызды ұстай беріңіз, ораза міндетіңіз өтелген болсын. «Аллаһ қабыл етсін» деп дұға жасаңыз.
Алайда, мұнымен намаз міндетіңіз мойныңыздан түспейді, мойныңызға қарыз болып қала береді. Оразаңызды ұстай жүріп намаз жайында ойла- на жүріңіз. Өйткені, Аллаһ Тағала әмір еткен ғибадаттардың ең алдында, әрине, намаз тұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды «діннің тірегі» деп сипаттап, сол тірегін мықтап орнатпаған адамның діні түбінде құлайтындығына меңзеп кеткен. На- маз – бес уақыт жасалатын ең үлкен құлшылық. Бұл қасиетті Миғраж түнінде тарту етілген. Алақ сүресінің 19-аятында «Сәждеге бар да жақындай түс!» деп бұйырады. Демек, намаз – Аллаһ Тағалаға жақындау, Оның (жәллә жәләлуһу) ұлылығымен оңаша сырласу деген сөз. Әлдебір басшымен жолығуға баратын болсаңыз, оған бейқам қарап қол сілтер ме едіңіз? Әлде барыңызды киіп, ба- рынша жағымды күйге еніп, алып-ұшып бір
сағат ерте барып, күтіп отырар ма едіңіз? Ал енді, Аллаһ Тағаланың шақыруына түрлі сылтаулармен бармауымызға жол болсын. Екінші халифа Омар (Аллаһ ол кісіге разы болсын) пышақталған күні қансырап жатқан кезі еді. Есін жия алмай, есеңгіреп жатқанында бір кісі оған: «Уа, Халифам! Намаз уақыты өтіп барады», — деді. Сонда ол дереу есін жиып: «Намазсыз
дін болмайды!» — деді де намазын өтеді. Міне, түсінген адам үшін намаздың құны сондай жоғары. Жауапкершілігі Аллаһтың алдында өте үлкен.Қорыта айтқанда, «әһлі-сүннәт» сенімі бойын- ша: наным-сенім бөлек ұғым, ғибадат-құлшылық
бөлек түсінік. Сондықтан, тәніңізге рухани азық беретін, сауабы мол ораза құлшылығынан қапы
қалып жүрмеңіз ағайын!