НАДАНДЫҚТЫҢ ҚАШАУЫ…….

Даналардың бірі НАДАН адамды қалай білуге болады деп сұраған кісіге былай деп жауап берген екен:

“НАДАН”- адамды білуге болатын алты сипат бар:

1. Болмайтын нәрсеге ашуланады.
Яғни, адамға да, жануарға да жынданып, ашуланады. Кім кездессе де одан зиян келіп тұрады. Міне осы наданның сипаттарының бірі.

2. Пайдасыз сөздер сөйлейді.
Ақылды адам пайдасы жоқ нәрселерді айтпауы тиіс. Сөйлегенде дүние-ақыретіне пайдасы бар сөздерді сөйлегені жөн.

3. Орынсыз жерге ақша береді. Надандықтың тағы бір белгісі – бекер мал шашпақ. Сауабы тимейтін әлдекімге (не әлдебір жерге) дүниесін шашады.

4. Сыр сақтамайды. Біреудің сырын, не өзінің сырын кіммен болса, сонымен бөліседі.

5. Аңғал. Әркімге бір сенім артатын, тым сенгіш келеді.

6. Досы кім? Дұшпаны кім? айыра алмайды. Адам баласы кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білгені жөн. Досын танып, онымен жолдастық құрады.

Дұшпанын танып, одан ұзақ тұрады. Ең басты дұшпан – ол-шайтан. Шайтанның бұйырған нәрселеріне бойұсынбауы керек.

Алла баршамызды надандықтан сақтасын!

Сондықтан қашанда, адам болып қалуға тырысу керек. Алтыннан жасалған кесені таспен ұрсаң кесе сынады. Сол үшін ол тасты ешкім сүйіп, қадірлеп, сен қатырдың деп сақтап қоймайды.

Ол тас сол түскен жерінде қала береді.
Ал, алтын сынық кесені еңкейіп алып, оны сақтап қояды. Ол сынса да құнын жоғалтпайды. Егер алтын кесенің бір бөлшегі сол жерде қалып қойса, оны мың жылдан соң тауып алса, бәрібір құнын жоғалтпайды.

Сол сияқты, адамның да алтыны, ардақтысы болады. Ондай кісілерге соқтығатын тас құрлы құны жоқ адамдар болады, олар жақсы адамды сындырғанымен өзінің құрметі өсіп қалмайды.

Жақсы адамды бұл күні сындырғаныңмен, ертең уақыт өте оның абыройы қайта өседі.Ол тарихта жазылып қалады. Уақыт кімнің кім екенін анықтап, әркімнің өз деңгейіне лайықты баға береді.

Жақсы адам болу әрбір адамзаттың міндеті. “Қалауын тапсаң қар жанады. Қашауын тапсаң бақ қонады”- деген ағайын…..

 

Мақсат Сқақтың фб парақшасынан