«МУЗЕЙГЕ САЯХАТ» ПЛЕНЭРЛІК САБАҚ ӨТТІ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі Шабыт үйірме орталығының бейнелеу өнерінің оқушыларына «Музейге саяхат» атты пленэрлік сабақ ұйымдастырды.
Пленэр мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуе, шежірелі өлкенің тарихын біліп, құрметтеуді үйрету.
Сонымен қатар бейнелеу өнерін оқушыларға этнография бөлімінде сақталған жәдігерлерді қағаз бетіне түсіріп сала білді.
Өлкетану музейіндегі саяхат палеонтология залынан басталып археология, этнография, Тәуелсіздік залдарында экскурсия жүргізілді.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.