«БҰЛАҚ КӨРСЕН-КӨЗІН АШ» АТТЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен «TUMAR» art studio орталығының «Бұлақ көрсен-көзін аш» атты балалар шығармашылық көрмесі өтті.
Көрмені «TUMAR» art studio орталығының басшысы Б.Баратова, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері Қ.Гумаров, А.Ибраева, З.Мұқышева, К.Төлегенова, М. Есіркепова, А.Сапакова, Г.Шумилина, «KZ Элемент» мектебінің басшысы Ұ.Молдбек, «Шабыт» өнер мектебінің басшысы Ж.Әуелбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.
Көрме Тараз қаласындағы балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған іс-шара.
Көрмеге 4-16 жас аралығындағы жас суретшілердің 200-ге жуық шығармашылық туындылары қойылды.