Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – адамгершілік құндылық
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың маңызды бөлігі – қолжетімді орта қалыптастыру. Қоғамдық ғимараттарда пандустар орнату, арнайы белгілер мен дыбыстық жүйелер енгізу, көлік қызметтерін бейімдеу – олардың еркін қозғалуына жағдай жасайды. Сонымен қатар ақпараттық қолжетімділікті арттыру, цифрлық қызметтерді жеңілдету де ерекше маңызға ие. Бұл шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіз өмір сүруіне көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі әрі адамгершілік құндылықтардың көрінісі. Қоғамның дамуы оның барлық мүшесіне тең мүмкіндік жасап, әр адамның толыққанды өмір сүруіне жағдай жасаумен өлшенеді. Сондықтан ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау, олардың құқықтарын қорғау және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау бағытында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Оларға білім алу, еңбек ету, медициналық қызмет алу және қоғамдық ортаға бейімделу үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Арнайы білім беру ұйымдары, инклюзивті сыныптар, оңалту орталықтары мен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Мұндай қолдау ерекше жандардың өз қабілетін дамытуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Қоғамдық қолдау мен түсіністік те үлкен рөл атқарады. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау, оларды қоғамнан шеттетпеу, ортақ іс-шараларға тарту – әлеуметтік бейімделудің маңызды бөлігі. Волонтерлік қозғалыстар, қайырымдылық акциялары, қоғамдық ұйымдардың бастамалары да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түседі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бойында да үлкен қабілет пен талант бар. Олардың арасында спортта, өнерде, ғылымда жетістікке жетіп жүрген азаматтар көп. Сондықтан басты мақсат – оларға мүмкіндік беру, сенім білдіру және қолдау көрсету.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау – тек әлеуметтік міндет емес, ол қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бірлік пен жанашырлық танытқан қоғамда әр адам өзін қажет әрі қадірлі сезінеді. Осындай орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Г.Тұрлыбекова

