Мұхтар Жәкішовтың қызының зәңгіге тұрмысқа шыққаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр екен!
Мен ұлыларды тыңдаймын! Олардың өмірлік тәжірибелеріне сүйенемін!
Осы жолы да
“ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ҚЫЗЫНА ҮЙЛЕН….. “ деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің Софы Сматаев ағамызға берген үш кеңесінің бірі есіме түсті.
…біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар. Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді.
Содан ба, «тең теңімен» дегенге әулекіленіп «қолымыз жеткеніміз» орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік. Ұлттың ұлт болып ұюы бесіктен басталарына мән бермеппіз.
Ал ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кешігіп сезіп, сан соғып жүрміз. Сендер елден алыста жүрсіңдер. Бүгінде қазағыңның оқыған қаракөздері жеткілікті. Біздің қателігімізді түзетуге тырысыңдар.
Солай, Софы балам. Кеңесіме құлап түспесе де, құлақ асар ұрпақ болса екен дейтін тілегімнің бір парасы осы. Мәскеу, 1961 ж», — деп жазылған жазбада.
