Менің алға қойған ең басты мақсатым – адамдарға жанашыр болу, қол ұшын беру.
Мен бірде-бір адамның, мейлі ол кім болсын, қай ұлттан болмасын, меселін қайтарып көрген емеспін. Үміттің аяқ асты болғанынан артық қорлық жоқ. Жердің үстімен келіп, астымен қайтқаннан асқан азап болмайды. Жақсылығыңды адамға жаса, сол үшін жаса, сол үшін елдің сенген тізгінін ұстап отырсың. Күнде жұмысқа келе жатқанда осы ой жетелеп кеп табалдырықтан аттаттыратын. Әлбетте, әрбір жеке істі өзім қарап, ұңғыл-шұңғылына барушы едім десем, адам алдында да, құдай алдында да күнәһар боламын. Ондай өтініш, шағым, талап-тілек жүздеп саналатын, бір қолды екі етсең де түгел танысып шығу мүмкін емес. Мен аппараттағы адамдарға кәміл сенетінмін, шектен тыс сол сенімді басқаша қабылдап алатындар да төбе көрсетіп қалатын. Олар күдік тудырмастай ақпарат хабарлар мен құжаттарды алдыңа әкеліп қойғанда сенбеске іләжің қалмайтын. Бұл – бір. Сосын көптеген арыз-шағымдар бойынша Орталық Комитеттің бюросы, хатшылар алқасы, партиялық комиссия, сөз жоқ, әл-қадірінше әділ шешімдер қабылдап жатады. Маған келіп түскен хаттарға қарағанда, ол адамдар әлі күнге дейін оны ұмыта қоймапты.
«Ақиқаттан аттауға болмайды» Қонаев Д. А.

