Менингококкты инфекциясының алдын алу шаралары
Менингококкты инфекциясы – Менингококк инфекциясы – өлімге әкелетін қауіпті аурудың бірі. Жұқпаның қоздырғышы Neisseria meningitidis бактериялары, қазіргі кезде 12 түрі анықталған, олардың 6-уы аурушылдықтың ауыр ағымын тудыруы мүмкін. Менингококты инфекциясының ауырлық дәрежесі бірнеше сағаттың ішінде өлімге алып келетін назофаронгиттен басталып бірден сепсиске дейін ауысады.
Бактерияның тығыз қабығы – капсуласы бар. Осы капсуланың арқасында менингококк адамның иммундық жүйесінің әсеріне төзімді.
Менингококк балаларға аяусыз, статистикаға сәйкес, барлық жағдайлардың 70-80% балаларға келеді. Аурудың клиникалық белгілерінің әртүрлігі және ағымы жылдам болуына байланысты балалар үшін менингококк инфекциясы қауіптілігі бойынша бірінші орында, әсіресе, 5 жасқа дейінгі балалар ауруға өте сезімтал.
Дәрігерлердің айтуынша, менингит ауруы кенеттен басталады. Күтпеген жерден адамның басы қатты ауырады, құсады, бес-алты сағаттан кейін денеде бөртпе пайда болады. Дене қызуы 39-40°С-қа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Адам әлсіреп, арқа және аяқ-қол сырқырайды. Көзі бұлдырап, бір нүктеге қарай алмайды, алдындағы зат қосарланып көрінеді. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Кейде ауру жеңіл түрде өтеді. Менингит тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және тағы басқа ауруларға ұқсас болғандықтан адамдар мән бермейді. Иммунитеті әлсіз ересектер мен балалар ауруға жиі шалдығады. Салқын тиіп қатты ауырғанда менингококк инфекциясы бас миының қабығына тез өтіп, қабындырады.
Инфекцияның көзі — науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ, бірақ менингококк инфекциясын тасымалдайтын сау адамдар. Инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады. Науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде ауаға инфекция таралады. Қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын ғимараттарда инфекция тез тарайды. Науқас адам маска киіп жүру керек және оны жиі ауыстырып тұрған дұрыс.
Менингококк инфекциясының жиілігі маусымдылықпен сипатталады-ең жоғары жиілік қыста және ерте көктемде болады. Бұл адамның иммундық жүйесі осы уақытта көптеген вирустармен әлсіздеу болады. Көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар, иммундық жүйенің қалыптаспауына байланысты және жасөспірімдер мен жастар аурады.
Аурудан кейін гидроцефалия, эпилепсия, есту проблемалары, когнитивті функциялардың нашарлауы, жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты салдары дамуы мүмкін. Аурудан айығу кезінде науқасқа ұзақ реабилитациядан өту қажет болады. Аурудың кейбір түрлері жедел өтеді, яғни, бір күн ішінде науқас қайтыс болуы мүмкін. Ми қабығының зақымдануы жағдайында, 20% жағдайда өлімге әкеледі.
Менингококкты инфекцияның негізгі алдын алу шаралары:
1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде,асқынып кетуді болдырмас үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды;
2. Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек;
3. Аурып қалмас үшін және айналаданғы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жедел және созылмалы ауруларды (фарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек;
4. Таза ауада серуендеу керек, қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу керек;
5. Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және пайдалы тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына ықпал етеді;
6. Үй-жайларды жиі желдету, күніне кемінде 2 рет дымқыл тазалау жүргізу керек;
7. Жөтелген, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек;
8. Жеке гигиенаны сақтау, қолды сабынмен жиі жуу керек.
Өкінішке орай, көптеген адамдар аурудың қауіптілігін толық түсінбейді, сондықтан білікті медициналық көмектен бас тартады. Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерден көмек сұрау қажет. Менингит ең қауіпті инфекциялардың ондығына кіреді, сақ болыңыз.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
В.Конеева
Эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
К. Отебаева

