Менингитпен кімдер ауырады?

Менингит — мидың шырышты және жұмсақ қабының қабынуы, жұқпалы ауру. Менингит ауруын тудыратын себептер бойынша: бактериологиялық, вирусты болып бөлінеді. Ал қабыну жағдайы бойынша іріңді, серозды болып бөлінсе, басқа аурулардың құлақ, мұрын, бас қуысының жарақаттарының себебінен, алғашқы, екінші реттік менингит болып сараланады.

Менингит жұқпаларының қай-қайсы түрі бойынша ауру белгілері өте сәйкес, бастың қатты ауруы, жүрек айнуы, құсу, дене қызуы көтерілуі, мойын етінің қабынуы, аяқ-қолдарын соза алмауы, әлсіздену, жарыққа қарай алмау, денеге қол тигізсе ауырсыну, алайда балаларда да, үлкендерде де алғашқы күндері бұл белгілердің кейбіреуі байқалмауы да мүмкін.
Көп жағдайда менигит ауруының пайда болуына жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы да себеп болуы мүмкін.
Бактериологиялық менингит түрлері:
Менигококк — мидың қабынуы жедел басталады, науқас қалшылдап, мазасызданып, қызуы көтеріліп, басы ауырып, жарықтан, шудан қорқу пайда болады, балаларда тырысу-қарысу жиі кездеседі.
Менингококцемия — ауру оқыстан басталады, дене қызуы 40*С, тіпті одан да жоғарыға көтеріледі, 5-15 сағат аралығында денеде қанды бөртпелер пайда болады, бұл менингит ауруының ең қауіпті түрі тез басталып, шапшаң өрбиді. Бірден қызуы төмендеп, қан қысымы азайып, денеде көгерген бөртпелер пайда болады. Тыныс алуы қиындап науқас өліп кетеді.
Іріңді менингит — ауруын қоздырушы бактериялар (гемофильді таяқша, пневмококк, менингококк, стафилакокк,) синусит, остемиелитпен ауырғандармен қарым-қатынаста болған жағдайда, бас сүйегктің жарылуы салдарынан болуы мүмкін.
Пневмококты менингит — көбінесе 30 жастан асқан адамдарда кездеседі, пневмониямен, отитпен, синуситпен, эндокордит аурулары жағдайында дамуы мүмкін.
Серозды менингит — дене қызуы көтеріледі 38-40С*, өте қатты бас ауруымен, құсумен, бұлшық еттері ауыруымен, іші өтеді, мазасыздану, аяққолдары сіреседі, сандырақтайды. Серозды менингиттің қоздырғыштары Echo және Коксаки энреровирустары, ауру көздері энтеровирусты науқастар және қоздырғыш тасымалдаушылар болып табылады.
Серозды менингит — қоздырғыш адамға су, көкөністер, тағамдар, кір қолдардан жұғады, көбінесе көлдерде, қауыздарда суға шомылғандар арасында тіркеледі.
Серозды менингит 3-6 жас аралығындағы балалар арасында тіркеледі, ересектер өте сирек ауырады, өршу кезеңі жаз мезгілі.
Менингиттен сақтану тәсілдері:
— әсіресе жас балаларға суға шомылуды мүмкіндігінше азайту;
— көкөністерді, жеміс-жидектерді қайнаған сумен шаю, тазалап жуу;
— жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, қолды сабынмен жуу.
Менингит жұқпасымен ауырып қалмауға кеңес: салауатты өмір сүру, дұрыс тамақтану, витаминдер қолдану, дұрыс ұйықтау, шынығу, көп қозғалу, жаман әдеттерден сақ болу, көңіл-қүйдің жоғары болуы адам ағзасын кез келген аурушылдықтан қорғайтынына сенім білдіреміз.

Булегенова Д.Б.,
Жетісу аудандық ҚДСБ 
бөлім басшысы,
Гульбостан Кадырова