Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің түғыры
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Сондықтан олар әрдайым ерекше құрметке ие болып, жоғары мәртебеге ие. Мемлекеттік рәміздер – елдің намысы мен абыройы. Оларға ұқыпты қарап, құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау отбасынан, мектептен басталады. Білім беру ұйымдарында рәміздерді насихаттау, оларды таныстыру, арнайы іс-шаралар өткізу – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді жолы. Себебі мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – туған елді қадірлеумен тең.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ел тәуелсіздігінің, бірлігінің және егемендігінің айқын белгісі. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын бейнелейтін қасиетті нышандар. Сондықтан оларға құрметпен қарау – әрбір азаматтың конституциялық міндеті әрі азаматтық жауапкершілігі. Мемлекеттік Ту – көк аспан түстес бейбітшіліктің, бірліктің белгісі. Ондағы алтын күн – өмір мен молшылықты, қыран – еркіндік пен биік мақсаттарды білдіреді. Ал ұлттық өрнек халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетеді. Туды дұрыс пайдалану, оны жерге түсірмеу, бүлдірмеу және белгіленген талаптарға сай ілу – мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің көрінісі. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы – ел тарихының, дәстүрінің және ортақ шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтың бірлігін бейнелейді. Елтаңбадағы шаңырақ – ортақ үйіміз Қазақстанды, ал қанатты пырақтар – болашаққа ұмтылысты білдіреді. Елтаңбаны дұрыс қолдану, ресми орындарда белгіленген талапқа сай орналастыру және оған немқұрайлы қарамау – азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі.
Мемлекеттік Әнұран – халықтың рухын көтеретін, отансүйгіштік сезімді оятатын басты музыкалық нышан. Әнұран орындалған кезде орнынан тұрып, оң қолды жүрек тұсына қою – құрметтің белгісі. Бұл жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Бұл – ел тәуелсіздігін қадірлеудің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда рәміздердің орны ерекше.
Осыған орай, мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда Мемлекеттік Тудың талапқа сай орналастырылуын, оның таза, бүтін және өңі тозбаған күйде болмауын тұрақты бақылауда ұстау қажет. Мемлекеттік Елтаңбаның белгіленген стандарттарға сәйкес келуі қамтамасыз етілуі тиіс. Рәміздерді қадірлеу арқылы біз еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағын құрметтеген боламыз.
Г.Тұрлыбекова

