Мемлекеттік корпорация қызметкерлері 1000-ға жуық баланы мектепке дайындауға көмектесті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмыскерлері биылғы жылы «Бақытты балалық шақ» ұранымен өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсенді қатысты. Олар 7 миллион теңгеге жуық ақша жинап, еліміздің әртүрлі түпкірінен 964 мектеп оқушыларын мектепке дайындауға көмек көрсетті. Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері жинаған қаражатқа мектепке арналған оқушылардың сөмкесімен бірге кеңсе тауарлар жиынтығы алынды.IMG-20160901-WA0005«Мектепке жол» республикалық акциясының мақсаты оқу жылының басталуына дайындық жасау кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету болып табылады. Акцияны көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолдады, біз де шет қалған жоқпыз. Себебі мектепке жол белгілі бір шығынды талап етеді және ата-аналардың барлығы бірдей бірінші қыркүйекке өздігінен баланы дайындай алмайды», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Акция балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру шараларының бірі болып табылады және ол «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтуде. Іс-шара мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетімдерге нақты атаулы көмек көрсету.image-22-08-16-09-24-5

«Маусым басымда кеңсе жабдықтарының бағасы, әрине қымбаттады. Мен бір өзім ұлымды тәрбиелеудемін, сондықтан мұндай сыйлық қажетімізге жарады. Менің баламның және басқа да көптеген балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын қайырымды адамдардың арасында жұмыс істейтініме қуаныштымын», — дейді Павлодар облысының мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің қызметкері Насия Үсенбаева.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған «Мектепке жол» акциясының арқасында мектепке баратын әрбір бала мерекені сезінеді. Мұндай акцияларды өткізу дәстүрге айналған және жыл сайын қуанышпен мектепке баратын балалардың саны ұлғаятын болады.

Баспасөз қызметі

 2016 ж.   1қыркүйек                                                                                                  Астана қ.