МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА 100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ОҚЫТУДАН ӨТТІ  

 

Сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын даярлау мақсатында еліміз бойынша 6 мыңға жуық оқыту іс-шарасы өткізілді. Оларға барлығы 101 896 адам қатысты. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында хабарлады.

Сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында науқанның басында Орталық сайлау комиссиясы оқу-әдістемелік кешен мен округтік сайлау комиссияларына арналған нұсқаулық әзірлеп, өңірлерге жолдануын қамтамасыз етті.

«Сайлау науқанына тартылған сайлау комиссияларының
86 мыңнан астам мүшесі толық көлемде оқытудан өтті. Олар үшін каскадтық оқыту әдісін қолдана отырып, 3 814 семинар ұйымдастырылды. Бұл ретте округтік сайлау комиссиялары мүшелерін даярлауға басымдық берілді. Білім деңгейін тексеру мақсатында сайлау комиссияларының барлық мүшесі кезең-кезеңімен қашықтан тестілеуден өтіп, тиісті сертификаттар алды. Бұдан бөлек өңірлерде саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына қажетті ақпараттық-түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілді. Оның аясында 2 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оларға 15 887 адам қатысты»,
— деп хабарлады Шавхат Өтемісов.

 

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК ПРОШЛИ ОБУЧЕНИЕ ПРИ ПОДГОТОВКЕ К ВЫБОРАМ ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТОВ

 

Порядка 6 тысяч обучающих мероприятий, было проведено по стране для подготовки членов избирательных комиссий и других участников избирательного процесса. Участие в них приняли участие 101 896 человек. Об этом сегодня рассказали на заседании Центральной избирательной комиссии.

Также для методической поддержки членов избиркомов в начале кампании ЦИКом был разработан и направлен в регионы учебно-методический комплекс и руководство для окружных комиссий.

«В полном объёме прошли обучение более 86 тысяч членов избиркомов, задействованных в кампании. Для них было организовано 3 814 семинаров с использованием каскадного метода обучения. При этом основное внимание уделялось подготовке членов окружных комиссий. В целях проверки знаний все члены избиркомов поэтапно прошли дистанционное тестирование и получили соответствующие сертификаты. Кроме того, в регионах осуществлялась необходимая информационно-разъяснительная и обучающая работа для представителей политических партий, СМИ, общественных организаций и других участников избирательного процесса. В ее ходе проведено около 2 тысяч мероприятий, в которых приняли участие 15 887 человек», — сообщил Шавхат Утемисов.