МАРАПАТ

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев суға батып бара жатқан жасөспірімді дер кезінде құтқарып қалған жедел құтқару жасағының басшысы, әлеуметтік желі оқырмандары тарапынан бейбіт күннің батыры мәртебесіне ие болған Мұхит Есентаевты көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі