МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгінгі таңда ауданда 5800 гектар жоңышқа алқабында толық бірінші орым жұмыстары аяқталды.
Игілік, Жайылма, Жаңаталап ауылдық округтерінде жоңышқа алқабының екінші орымы, табиғи шабындық алқабының 5000 гектардан астамын ору басталды.
Аудан үшін ағымдағы жылы дайындалуы тиіс мал азығы көлемі 134,0 мың тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге дайындалған мал азығы қоры (шөп) 47,8 мың тоннадан асады.
Шілде айының аяғына қарай шаруалар қамыс шабу жұмыстарын бастайды.
Бүгінде Игілік ауылдық округінде сабан жинау жұмыстарына кіріссе,Түркістан ауылдық округі сабан жинау жұмыстарын бастап жатыр.
Алдағы тамыз айында шаруалар жантақ шабуға кіріседі.
Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шөп тапшылығы бар аудандардың шаруалары шөп дайындау үшін Қамқалы ауылдық округіндегі Шу өзені табанынан 10,0 мың гектар алқап орылатын болып келісілді.
Айта кету керек, ауданда биылғы жылы мал азығын дайындау үшін шабуға белгіленген алқап көлемі 39907 гектарды құрайды. Оның ішінде, 5800 гектары көпжылдық шөп және 34107 гектары табиғи шабындық алқабы.
Жалпы мал азығын дайындау жұмыстары күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.

Сарысу ауданы