ӨЗГЕЛЕРДІ ОЙЛАУ

Жақсы адам болу — өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлау деген сөз. Өзгелерге көмектесуге дайын тұрған адамға өзгелерде көмектесуге дайын тұрады. «Өмір бумеранг сияқты» дегенді бәрі айтады ғой. Ол расында да солай. Не ексең, соны орасың. Аңызға айналған миллионер, филантроп Джон Рокфеллердің жай клерк болып, төрт доллар тапқан кезі болған. Сол төрт доллардың 20 пайызын жинаған, ал елу пайызын шіркеуге берген, ал өзі қалған отыз пайызын жұмсаған. Бірнеше жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының біріне айналды. Брайан Трейси оның өміріндегі мына фактіні келтіреді. Рокфеллер мұнай бизнесіне көңіл қойғаны сондай — өзгелерге уақыты болмайды. Ол 52 жасында әлемдегі ең бай адам саналған. Бірақ тура сол кезде денсаулығы сыр берген еді. «Әрі кетсе, бір жылдан кейін өлесің «дейді дәрігерлер. Сонда Рокфеллер компаниясының жартысын 500 миллион долларға сатып, «Рокфеллер қорын» құрады. Бұл қор ең қайрымды істерді қолдайды. Ғажабы, ол өзгелерге көп берген сайын, өзін жақсырақ сезіне бастайды. Біртіндеп, ауруынан құлан таза айығады. Содан бастап өмірінің соңына дейін шіркеулер мен қайырымдылық қорына жәрдемдесіп тұрған. Сөйткен Рокфеллер ұзақ өмір сүріп, 92 жасында қайтыс болады. Жалғыз өзі қайырымдылыққа 100 миллион доллар жұмсап, әлемдегі ең жомарт филантроп ретінде тарихта қалады. Соның өзінде ақшасы таусылған жоқ.

Қуаныш Шонбай