Мүшелдік жыл басы 14 наурызда бекітілсе…

Қазақстан Республикасының Президенті   Қ.К.Тоқаевқа

Мемлекеттік мереке санатындағы Наурыз мейрамы Халықаралық ЮНЕСКО ұйымында жалпыадамзаттық материалдық емес құндылық ретінде тіркелгені мәлім. Алайда бұл мерекенің атап өтілуі ойдағыдай емес. Оны өзіңіз «Егемен Қазақстан» газетінің 2024 жылғы 3 қаңтарда жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» атты  сұхбатыңызда «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек» деп жаңаша ұйымдастыруға шақырдыңыз.

 

 

Осыған орай, Наурыз мейрамының жоғары деңгейде шешілуге тиісті түйткілді тұсына қатысты мынадай ұсыныстар жолдаймыз:

— 14 наурыз ғылыми негізсіз түрде бүгінде «Амал мерекесі», «Көрісу күні» аталып жүр; бұл күн шын мәнінде жалпытүркілік таным бойынша  жаңа жылдың басы болып табылады; сондықтан осы күнге арнайы  Мүшелдік жыл басы деген мәртебе берілуін сұраймыз;

— 23 наурыздағы Мерекеге қатысы жоқ қисынсыз демалыс күнін 14 наурызға ауыстыруды ұсынамыз;

— мерекенің мәні мен мазмұнын аша түсетінін ескере отырып, мектеп оқушыларының көктемгі каникулын Наурыздың 14-22 аралығына орайластыруды да өтінеміз.

Бұл хатқа мемлекет және қоғам, өнер мен әдебиет қайраткерлері, ғалымдар, қоғам белсенділері қол қойды.