Луговой ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көп балалы отбасының арманы орындалды

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Луговой ауылында көп балалы отбасы баспаналы болды. 10 баланы тәрбиелеп отырған отбасының арманын орындауға жергілікті әкімдік пен ауылдың жанашыр азаматтары ат салысқан.

Үйдің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, небәрі 4-5 айда толық аяқталып біткен. Ауызбіршілігі мол ауыл тұрғындары қажетті үй жиһаздарыменде жабдықтап беріпті.

Жаңа үйге ие болған көп балалы ана осындай қайырымды істің басында жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты. Тіпті қуаныштан көзіне жас алып, мұндай баспанаға қол жеткізу арман болғанын айтады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі