Қос үйдің шатырын жөндеу жұмыстары басталды

Қаратау қаласында ұзақ уақыт жөндеу көрмеген Б.Момышұлы көшесі бойындағы №12 және №14 көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын жабу жұмыстары демеуші кәсіпорын есебінен басталды. «Тalast Invesment Company» ЖШС-гі тарапынан жөнделетін әр үйдің құрылыс жұмыстарына 13 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Аталған қос үйдегі 108 пәтердің бос тұрған 12 пәтері коммуналдық меншікте. Алдағы уақытта оларды қалпына келтіріп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беру жоспарлануда.

Талас ауданы