ҚҰПИЯ ҰСТАЙТЫН ДҮНИЕЛЕР……

 

1.Даналардың айтуынша ең алғаш құпия ұстауға тиіс затың өзіңнің ұзаққа сілтенген жоспарың. Сол жоспарың іске орындалғанша ешкімге ештеңе айтпа. Біздің кез-келген ойымыз идеалды емес, оның қаншама әлсіз жері бар, сол жерлерге соққы беру арқылы оның быт-шытын шығаруға болады.

2.Даналардың берген кеңесінше, екіншіден өзіңнің қайырымдылық істеріңді қүпия ұстауың керек. Қайырымдылық ісі — бұл дүниеде сирек кездесетін нәрсе, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек.
Өз өзіңді жақсы істерің үшін мадақтай берме. Тәкаппарлық деген нәрсе осы қайырымдылық ісіңнен келген жақсы нәрселерді сол замат көріп, жойып жіберуі мүмкін.

3.Үшіншіден даналардың айтуынша, жан-жаққа жаюға болмайтын нәрсе — ол сенің өз тақуалығың туралы.
Жүрген жеріңде тамақты аз ішетінің, аз ұйықтайтындығың мен жыныстық қатынасқа сирек түсетінің және т.б. жөнінде оңды-солды айта берудің қажеті жоқ. Тақуалығың егер сенің эмоционалды мінез-құлқыңмен сай келсе ғана нағыз пайда әкеледі.

4.Төртіншіден ешкімге жаймайтын нәрсең — ол өз ерліктерің мен батылдықтарың жөнінде.
Біреулер сыртқы сынақта болса, енді біреулер ішкі сынақта болады.
Сыртқа сынақтар көзге көрініп тұрады, сондықтан ол үшін адамдар сый-сияпат алып жатады, ал ішкі сынақтарды жеңіп өткенін ешкім байқамай қалады, сондықтан әрине оған ешқандай сый берілмейді.

5.Бесіншіден, ешкімге жаюға тиіс емес нәрсе, ол өзіңнің рухани ілімің жайлы.
Рухани ілімнің деңгейі әр түрлі болғандықтан, ол ақылыңның тазару деңгейіне сай келіп тұруы керек.
Хақ жолына жаңадан түскен адамның басты қателігі, адам баласына пайда әкелудің орнына, оны шатастырып, онымен оларды үркітіп, өзінің көп рухани ілімімен бөліскісі келетінінде.

6.Алтыншыдан, басқалармен бөлісуге болмайтын нәрсе — үйдегі ұрыс-керіс, жалпы өз отбасыңдағы өмірің. Өз отбасыңдағы жағдайлар жайлы сирек айтқан сайын, отбасың берік, әрі тұрақты болатынын есіңде сақта.
Ұрыс-керіс — бұл араласу барысында жиналып қалған теріс энергиядан алшақтау деген сөз.

7.Жетіншіден, біреулерден естіген жаман сөздерді айтуға болмайтындығында.
Көшеде кетіп бара жатып аяқ киіміңді былғап алуға болады, сол секілді санаң да кірленуі мүмкін.
Үйіне келе салып, көшеден естіген күллі жаман сөздерді айтып отырған адам, лас аяқ киімін шешпестен үйге кірген адаммен бірдей.

Жүрсін Кәрім.