КЕЗДЕСУ

Бүгін аудандық орталық кітапхананың «Coworking» залында «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған штаб төрағасы Марат Нарымбеков және Гүлнұр Қадырбекқызы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен  ұжыммен кездесу өткізді.

 

Жиында 5 маусымда өтетін Республикалық референдумға орай құрылған штаб мүшелері референдумның не үшін қажет екендігіне, оның сайлаудан айырмашылығы мен Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен тарқатып айтып берді.

Кездесу барысында Партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков мемлекетке, қоғамға қажетті ең өзекті нәрсені халықтың өз ойы мен пікірін біліп, дауыс беру арқылы шешім қабылдау үшін референдум өткізгелі жатқанын атап өтті.

 

Тарихқа сәл үңілсек, осыдан 27 жыл бұрын референдум өткізілген болатын. Осы уақыт аралығында әлемде де, елдің тыныс-тіршілігінде де талай өзгерістер орын алды, жағымсыз оқиғалар да болды. Міне соның салдары жаңа бетбұрыс жасауға алып келіп отыр. Осының бәрін ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда халыққа арнаған сөзінде Жаңа Қазақстанды құрамыз, барлығымыз бірге жаңарайық, жаңғырайық деді. 16 наурыз күні жаңғыру жолында жасаған Жолдауында еліміздің өркендеп өсу жолы мен бетбұрыс жасау бағыттарын айқындап берді. Сонымен қатар, Президент еліміз жаңару үшін ең бірінші Ата Заңнан бастау керектігін айтты. Өйткені, біз сол заңмен өмір сүріп жатырмыз, сол заңмен ертең балаларымыз да өмір сүреді. Мамандармен, заңгерлермен ақылдаса отырып жасалған Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмек. Оның ішінде халқымызға ең қажетті деген баптарға өзгеріс еніп отыр», — деді Марат Аманғалиұлы.

 

Өз кезегінде сөз алған Гүлнұр Қадырбекқызы

«Референдум – халық билі­гі­нің айқын үлгісі, әрбір қазақ­стан­дықтың өз азаматтық ұста­нымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші республика құру идеясының референдум өткізуден бастау алуы» –  тарихи оқиға  екендігін атап өтті.

Жуалы ауданы