Ешкі сүтінің емдік қасиеті

 Ешкі сүтін Гиппократ құрт ауруымен ауырғандарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина айналасындағыларға: «Балаларыңның алдында қартайып, мүсәпір халге жеткілерің келмесе, ешкі сүтін ішіңдер» деп, ұзақ жасауға пайдасы зор екенін атап өткен екен.
> Педиатрияда жаңа туған нәрестенің іш жүруін қалыпқа келтіру үшін ең бірінші ешкі сүтін береді және ана сүтін алмастыра алады, бірақ баланы ана сүтінен айырмағаныңыз жөн.
> Артық салмақ тастағысы келетін жандарға да ешкі сүтін ішу ұсынылады. Оның құрамындағы май адам денесіне артық май болып жиналмайды.
> Суық тигенде де пайдасы мол.
> Онкологиялық аурулардың алдын алады.
> Аяғы ауыр келіншектер ешкі сүтін ішсе, баланың қаңқасы, тістері жақсы дамиды.
Ескерту!
Ауруға ем іздеймін деп, ауру тауып алмаңыз. Ешкі сүтін танымайтын адамдардан, кез келген жерден сатып алуға болмайды. Сарып (бруцеллёз) ауруының инфекциясын жұқтырып алуыңыз мүмкін. Ішек ауруларымен ауырып қалмас үшін сатып алған сүтті жақсылап қайнатып алыңыз.