КЕРЕМЕТ МЫСАЛ

Кезінде, Америкада (Нью-Иорк) тұратын бір адам (байлығы аузы мұрнынан шыққан) бақуатты кісі болса да қызық мінездің иесі болыпты. Оның екі ұлы бар екен.

Әлгі бай балаларын «еңбекке баулу» үшін 14 жасар ұлын вагонға жүк тиеуші, 8 жасар ұлын көшеге аяқ киім тазалаушы қылып отырғызып қояды.

Атышулы байдың баласы аяқ киім тазалап отырғанын естіген жұрт, қызықтау мақсатында аяқ киім тазалатуға (сол балаға) барады екен.

Əр етікті тазалағаны үшін 50 цент алып отырған бала — күніне 150-200 доллар тауып жүріпті. Тіпті сол көшеден өтетін жұрт әлгі балаға аяқ киім тазалатуды əдетке айналдырып, оған тіпті артығырақ ақша(5-10 доллар) тастап отырған деседі.

Осылай жылдан жылға жалғаса беріпті. Ақыры «аяқ киімнің» қыр сырын меңгеріп, ел жұртқа қандай аяқ киім керек екенін əбден біліп алған манағы бала- бұғанасы қатқасын аяқ киімге арналған «крем» шығаратын зауыт пен сапалы аяқ киім сататын дүкендер желісін ашады.

Ал ұлдың үлкені 7-8 жылдың ішінде өзі жұмысқа кірген фирманың басшысына дейін көтеріліп, кейінірек «жүк тасымалдайтын» агенттік ашады. Америкадағы ең мықты бір «жүк тасымалдайтын» компанияның иесі атанады.

Сөйтіп, 15 жылдың ішінде əлгі байдың екі ұлы да «мұртын балта шаппайтын» миллионерлер қатарына ілігіп үлгеріпті.

 

Жазба иесі Қайрат Нұрлықасымұлы