КЕМШІЛІКСІЗ АДАМ БОЛМАЙДЫ

Бір адам өмір бойы үйленуден қашып жүріпті. Тоқсан жасқа келіп, көз жұмар алдында ауыл адамдары жиналып басында отырыпты. Сонда бір ауылдасы:
— Ата, сіз өмір бойы некеден қаштыңыз және себебін де айтпадыңыз. Енді көз жұмар алдын не үшін екенін айтыңызшы? — деп сұрапты.
— Мен негізінде некелесуге қарсы болмадым, тек бірде бір кемшілігі жоқ әйелді іздедім. Бүкіл өмірім іздеумен өтіп кетті, — деді қарт.
— Сонда бүкіл Жер шарынан ондай әйелді таппадыңыз ба?
Қарттың көзінен жас үзіліп түсіп:
— Ақыры біреуін таптым,- деді.
— Онда неге үйленбедіңіз? — деп таңдана сұрады ауылдасы.
— Ол да кемшіліксіз адамды іздепті… — деп жауап берді ақсақал.
Кемшіліксіз адамды іздемеңіз, сізді сүйетін жанмен бақытты болыңыз.
Есберген Алауханов.