Қазақтар сөзге тоқтаған халық.

 

Талай қанқұйлы соғыс пен небір даулы мәселелерді бір — ақ ауыз сөзбен шешкен кездер болған.
Дана халқымыз сөздің салмағын сезіне білген.
Сөз – қорғасыннан да ауыр.
«Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деп оның қаншалықты жауапкершілігі бар дүние екенін ескерткен. »
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды».
«Жақсы сөз — жарым ырыс».
«Аз сөз — алтын, көп сөз — күміс».
«Сөздің көркі – мақал, Иектің көркі – сақал».
«Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы жақсы».
«Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді».
«Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады».
«Асыл сөзге өлім жоқ».
«Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады».
«Сөйлей-сөйлей шешен болар,
Көре-көре көсем болар».
«Жалғыз сөйлеген жігіт шешен».
«Сөз асылы – мақал».
«Ақын тілі – наркескен».
«Ақынның хаты өлмейді,
Жақсының аты өлмейді».
«Сөз тапқанға қолқа жоқ».
«Әсері жоқ сөз – өлі сөз».
«Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады».
«Жақсы сөз жараны да жазады».
«Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар».
«Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді».
«Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады».
«Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ».
«Алмас қылыш майданда серік, асыл сөз майданда да, сайранда да серік».
«Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады».
«Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес».
«Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер».
«Сөздің басы бір пышақ, аяғы бір құшақ.
«Сөз сүйектен өтеді».
«Ауыр істің салмағы білекке түсер. Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер».

Ақтөбе облысының бас биі Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ.