ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕЛДІ ШАРИҒАТПЕН ЕМЕС, САЛТ-ДӘСТҮРМЕН БАСҚАРҒАН.
Қазақтың салт-дәстүрі бабаларымыздың өмір сүруінің негізі болған.
Салт-дәстүр -қазақтың заңдары мен моральдық кодекісі!
Орыс ғалымы, жиһангер
Петр Семенов-Тянь-Шанский:
«Бұларды(қазақтарды) оқытудың қажеті жоқ.
Салт-дәстүрлері түгел тұрып тұрған білім»- деген.
Елді ақылды адамдар басқарған. Әйтеке, Төле би,
Қазақта дауысты Қазыбек билер дүниеге қызықпаған, халық қамын ойлап, олар елді
Әдет- ғұрыппен басқарды.
«Қазақтың ұлттық дәстүрі-заңнан биік!»
Демек, салт-дәстүрлі ел-тұғыры берік ел!
Тәңір-ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтың сенген Тәңірінің аты!
Ол табиғат құбылысын басқаратын, адамдарды жақсылыққа жетелейді құдіретті тылысым иесі!
Ұлы Даланың- Тәңір Дүниетанымында болған.
Тәңіршілдік ең ежелгі табиғи сенім.
Табиғаттың заңдарының өзі Тәңірден бастау алады.
Онда пайғамбар жоқ, бірақ әркім өз деңгейінде Тәңірді тани алады, сеніп, медет етеді.
Оның дайын кітабы жоқ, осы Дүние ғана Тәңірдің кітабы!
Тәңірлік сенімде о дүние жоқ, тек жарқын осы дүние бар.
Тәңір біртұтас Дәстүрлердің тоғысы.
Тіл де, дін де өзгеріске ұшырайды, ал Тәңір қазақ үшін ешқашан өзгермейді.
«Көк Тәңірі Жер-Ана бізге үлгі алсын, үйренсін деп, жан-жануарды жаратты.
Әлдісінің әлсізін талап, жейтінін көрсетті. Біз сол арқылы кім күшті, кім батыл, кім ақылды болса, тірлік соныкі екенін білдік.
Демек, өмір сүреміз десек, біз күшті, ақылды болуымыз керек. Маған арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы, жыландай улы, қырандай қырағы сарбаздар қажет»- деп
Мүде хан айтқан.
Тәңірлік дүние таным өзінің ғарыштық ауқымымен мойындатады
Тәңірлік дүние таным табиғатпен байланысты, яғни тіршілік атаулының тірегі!
Тәңірлік сенімде ағаштың, адамның қасиеттері бар.
Қазіргі Исламда ол жоқ бір ғана арабты ұлықтау, садақа жинау үшін халықты жұмылдыру.
Ал, қазақ Тәңірдің жарылқауымен, Әруақтардың қолдарымен Қазақ мәңгілік жасайды.
Тәңірге сиыну- бұл дала заңы!
Қазақ мазар салған, жанынан өткен адам, әруағына сыйынған.
Жолаушы далаға қонбай, амандығы үшін бейітке түнеген, бұл қазақ үшін ең қауіпсіз орын болған.
Шариғат бойынша, Исламда қыздың еркіндігі жоқ болса, қазақ дүниеге қыз келсе, қонақ деп төрден орын беріп, босағаға отырғызбаған.
Астың дәмдісін берген, аттың жүйрігін мінгізген, киімнің асылын киіп, садақ атқан. Құмнан қорғанған, бәдеуилердің кмиімін киіп, қазіргідей бетін жаппаған.
Қазақ ешқашан соғысқа
«Алаһһу акпар» деп шықпаған,
«Әруақ»- деп ұрандап шыққан!
Арабтар «садақа беріп, жұмаққа барсын»- десе, бабаларымыз жақсылықты адамзат үшін осы дүниеде жасаған!
«Қазақтар өздерінің кім екенің білсе, дүние жүзін ерте ме, кеш пе жаулап алады»- деп орыс патшасының Екетерина айтқандай, қазақ өз болмысына оралатыны сөзсіз!
Арабтар ешқашан қазақты адам деп қабылдамайды.
Себебі, Наурызды тойлап, ұлттық дәстүрін сақтаған қазақ ешқашан араб болмайды…
Бесігін көш тербетіп, тебінгісі терге шіріген қазақтың өмірі қылыштың жүзін жасытып, найзаның ұшын мұқалтқан жауынгерлікпен өткені белгілі.
Қазақтың табаны тілініп, зарлы үні жер күңірентіп шапқыншылықтан ұрпағын аман алып қалу үшін тау-тасты паналап жүрсе де,
«Елім-ай» әнің айтып жүрсе де, ұрпақ тәрбиесін естен шығарған жоқ.
Міне, осындай заманның азабына төзе біліп, қиындықтың қаның кешіп жүріп, бетінің қаның белбеуіне сүрте жүріп, ұлттық салт-дәстүрді шашау шығармай, «салтың-санаң, дәстүрің-дәулетің, ғұрпың-ғұмырың»- деген бабаларымыз санамызға сіңіріп аманат етті.
«Қазақтың ұлттық дәстүрі-заңнан биік!»
Демек, салт-дәстүрлі Қазақ-тұғырлы Ел!
Жасына қарамай,ақылы асқанды қадірлеген, әдептен аспаған, дәстүрден озбаған,
Сөзге тоқтаған, намысын сатпаған, ағайынмен татулықты көздеген, жолдасын жауға тастамаған қазақ !
Қазақ кісілікті дәстүр ұстаған.
Жеті атаға толмай қыз алыспайды.
Ана тілінің уызына жарыған Қазағымды Тәңір қолдасын!
Қазақ барына қанағат, Тәңірге тәубе еткен халық!
Серт пен уәдені, антты бұзбаған ел!
Ұлағатты ұл, инабатты қыз өсіретін халқым аман болсын!
РАЙХАН МАТАЕВА

