Қазақстандықтарды кітап оқуға және білімін интеллектуалдық сайыстарда сынауға шақыратын «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қазақстандықтарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан жобаға белсенді қатысуға шақырды.
Марафонға қатысу үшін reading-nation.kz сайтына тіркелу қажет. Әр қатысушы өз жас санатына сәйкес 15 кітап оқып, интеллектуалдық сайыстарда білімін сынайды.
Кітап оқу марафоны 6 айға созылады. 2027 жылдың наурызында аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 4 мыңға жуық жүлдегер анықталып, қаржылай сыйақыға ие болады.
Ал республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша жылдың 10 үздік оқырманы анықталады. 23 сәуір — Ұлттық кітап күнінде олардың әрқайсысына 10 млн теңгеден табысталады.
Кітап оқып, біліміңізді сынап, жүлдеге таласыңыз!
Толық ақпарат пен тіркелу: reading-nation.kz

