Ендігі Қазақ ешқашан құл болмайды.

Қазақ қандай болған?
Қазақ ежелден САҚ болған,
Жүректері НАҚ болған.
Көңілдері АҚ болған,
Тулары да АҚ болған. …
САҚТА үлкен ұлы ІЛІМ болған. Сол ІЛІМ негізінде кемел жүйе, керемет заңдар болған. Ол заңдар біздің өмірімізге айналып, бүгінгі бізге дәстүр болып қалыптасқан…
Сол бір ұлы ілім ҚАЗЫНА және ЖЕТІ ҚАЗЫНА болып жазылған, сақталған. Осы ұлы кітаптың иесі болған Найман ұлысы, тарихта НАЙМАН қағанаты болып 600 жыл үстемдік құрды…
Найман ордасы құлаған кезде, бұл кітптарда, ұлы ілімдерде бірге кетті…
Оның сарқыны ел аузында әлі күнге дейін таралып жүр. Жалғасып келеді. Әсіресе найман қаракерейде көп сақталғаны байқалады.
САҚ салып кеткен ата заңымыз 11 ақ ауыз сөз. Ол тарихта 11 қара жұмбақ деген атаумен бізге жетті….
Күн өзін 11 жылда бір рет айналып шығады. Тасбиық 11 тастан құралады….Осының бәрі жәй сәйкестік, ұқсастық дейсіңбе, ол сенің надандығың. 11 саны ұлы қасиет екенін біздің ата-бабамыз САҚ білген, одан кейін исіламға жеткені түсінікті.
Сақ салған сара жолындағы ата заңымыз 11 ауыз сөзден тұрады. Ол тарихта 11 қара жұмбақ деген атаумен бізге жетті. Соның бірі осы БЕСІК заңы еді…
БЕСІК заң болғандықтан, -«Ел болам десең бесігіңді түзе ‘- деп Қазақтың тіліне жазып кетті емеспе…
Яғни қайтадан ұлт болып қалыптасам десең, осы 5 заңды бұзба, қатаң сақта дегені.
Көпшілік Қазақ баласына Сақтан қалған сара жол БЕСІК ЗАҢЫН тарқатып, шешіп көрсеттім.
Бүгінгі біз Сақтан қалған БЕСІК ЗАҢЫМЕН бала өсіріп, ұрпақ тәрбиелесек!
Енді Қазақ ешқашан құл болмайды.
Ата-бабамыз дәстүріміз, ұрпағым Қазақ қайытсе құл болмайды дегеннің тәртібі мен тәрбиесі.
100 жыл бойы басқыншылық жүйе бізге қалай құл болудың, ит болудың тәрбиесі мен тәртібін үйретіп кетіп еді, енді міне тәуелсіз елсің БОССЫҢ деседе біздің осындай қалге түсіп қалуымыз баяғы басқыншылық жүйенің орнатып кеткен тәлім, тәрбие, тәртібінің кесірі еді…
Осы тығырықтан бейбітшілік жолмен шығудың бірден бір мүмкіндігі ол ата-баба дәстүрімізге оларып, ата-баба ұлы ілімдермен білімді болу. Ата-баба тәлім, тәрбиесіне көшу.
Жаратылыста ешбір ата-ана балам байқұс, ұрпағым құл болсын деп бала өсірмейді, ұрпақ тәрбиелемейді.
Тек қоғамның тәлім, тәрбиесін тізгіндеген басқыншылық жүйе ғана қоғамның тәрбиесімен бәрін бұрмалап өзіңді өзіңе қарсы қояды…
Біз әке-шешеміздің әке-шешесі ата-бабамыз дәстүрімізге ұмтылғанда ғана, тура жолға түсеміз….
Себебі бұл өмірде біз үшін жаны ашитын жан болса ол тек ғана біздің әке-шешеміз. Әке -шешеміздің әке-шешесі ата-бабамыз ДӘСТҮРІМІЗ.
Дәстүрге оралсақ ендігі Қазақ ешқашан құл болмайды.
Ә.Қабдолда
Қазақ Республикасы Жастар Партиясы facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1K4xsKrhEZ/