Қазақ тілі әлемнің жетекші анимациялық орталықтары өз өнімдерін тікелей өз қаражатына аударатын отыз елдің қатарында.

 Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалығымен Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру комиссиясының отырысы өтті.
 Басқосуда жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
 Сондай-ақ қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері көтерілді. Алдағы жылдан бастап медиа платформаларда қазақ тіліндегі контенттің үлесі едәуір артады.
 Сонымен бірге теле-радиоларда қазақ тіліндегі хабар тарату үлесі де көтерілмек.
 ЖИ-мен жасалған медиаөнімдер мен анимациялық туындылардың саны да артады. Оған мемлекет көлемді қаражат қарастырып отыр.
 Тағы бір жақсы жаңалық – посткеңестік елдер арасында қазақ тілін ChatGPT жетік меңгерген. Ал оның алгоритмін одан әрі күшейтіп, сөздік қорын арттыру үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  Мемлекеттік тілімізге қатысты біраз жақсы жаңалық күтіп тұр.