КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ — БАСТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының және «Тараз» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамының Жамбыл обысының әлеуметтік — экономикалық дамуына бағытталған жергілікті кәсіпкер әйел азаматтарының мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында семинар жиын өтті.

Шараға Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, Кеңес мүшесі, “Рысбаева и К” ЖШС директоры Сәуле Рысбаева, «Тараз» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамының бас маманы Құралай Жақанша, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Коммерцияландыру кафедрасының меңгерушісі Жайдарбек Танаев, Тараз қаласындағы “Форте Банк” филиалының клиенттерді қабылдау жөніндегі менеджері Виктория Хан, тиісті мекеме басшылары, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмысшы топ құрамы жергілікті кәсіпкер әйел азаматтарының мүмкіндіктерін кеңейту, олардың өнімдерін нарыққа шығаруға көмектесу және жергілікті брендтер арқылы аймақ экономикасын нығайту қызметін жергілікті тұрғындарға және кәсіпкерлерге таныстыру, аудандарға насихаттау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпараттар берілді.

