ҚАРАҚАТ «ІШІМДІКСІЗ АУЫЛДАР» ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Бүгін Қарақатта маңызды жиын өтіп, елді мекен тұрғындарының бастамасымен аталмыш ауыл «Ішімдіксіз ауылдар» қатарына ресми түрде қосылды.
Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев пен аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында ауыл имамы Азамат Барменов, сондай-ақ ауыл жастары атынан сөз сөйлеген Жасұлан Кенжебек жұртшылықты сауатты өмір салтын ұстануға шақырып, бастаманы толық қолдайтындарын жеткізді.
Тұрғындар да өз пікірлерін білдіріп, ауылдың тыныштығы мен тәртібіне оң әсер ететін бұл қадамның уақыт талабына сай екендігін атап өтті.
Шара соңында ауылдағы дүкен иелері Қарақат аумағында ішімдік өнімдерін сатпауға бірауыздан келісіп, арнайы меморандумға қол қойды.

