АУДАН ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Ауданда жастарды қолдау және олардың дамуына бағытталған жүйелі жұмыстар жан-жақты жүргізілуде. Осы орайда, күні кеше аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Тоқтасынұлы да қатысып, қазіргі таңда өзекті болып отырған жастар арасындағы буллинг пен бұзақылықтың алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелеріне тоқталды.
Аудан басшысы өз сөзінде ел басқару мәдениетінің өзгеріп келе жатқанын атап өтіп, жастарға «ел дамуына адал қызмет етемін» деген әрбір азаматқа мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып отырғанын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі жастардың ой-пікірін тыңдап, олардың ұсыныстары назарға алынатынын атап өтті.

