КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

🔰Бүгін аудандағы
мектептерде аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті.


🔰Жиынға сондай-ақ аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ринат Оразбайұлы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Олжас Бейсен қатысты. Жиында киберқауіптерге қарсы тұру, құқықбұзушылықтан сақтану туралы жан — жақты мәліметтер беріліп, арнайы видеороликтер көрсетілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне арналған шара жоспарға сәйкес барлық мектептерде жалғасын табады. Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы