КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС КЕРЕК!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте:
«Елордада Жылу Электр Орталығын — заңгер, Өңірлік Энерго Компанияны — бағалаушы (оценщик), жылу транзитті — агроном, қалалық су каналын — мал шаруашылығы маманы басқарады. Менің терең ұстанымым әркім өзі жақсы білетін саласымен кәсіби түрде айналысуы керек. Егер керсінше болса, онда жұмыстың нәтижесі қандай болатыны түсінікті» — деді.

Ескі Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінде де, квазимемлекеттік секторында да тамыр-таныстық, ағайын-тумаластық негізге бағытталған командалық модель жұмыс жасады. «Өзгелерге» жоғары лауазымдық қызметке жол жабық болды. Кездейсоқ келіп қалған дұрыс азаматтарды көп ұзамай қудалады, өздігінен кетуге мәжбүрледі, тіпті болмаса түрмеге тоғытты.
Неге? Өйткені байлық пен қаржыны жымқыру үшін сыбайластар керек еді!
Осы инерциямен әлі келе жатырмыз!

Әділ Қазақстан құрамыз десек осы схемамен жұмыс жасап отырған басшыларды түгелімен басқару жүйесінен аластату керек. Жасайтындарын жасады, асайтындарын асады.
Ендігі жерде мемлекеттік және құқық қорғау органдардың, Ұлттық компаниялар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың басшылығына қолы таза, жоғары кәсіби маман, тәжірибесі мол мықты кадрлар келмей, мемлекетте өзгеріс жасау өте қиын болады. Уақыт өтіп бара жатыр. Кардинальный кадрлық өзгеріс керек.
Бәрін шешетін де, жасайтын да адам, яғни КАДР!

Е. Жаңбыршиннің фб парақшасынан