Исламтанушы-теолог Ризабек Батталұлы аудан тұрғындарымен кездесті

Сарысу ауданына «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы, исламтанушы-теолог, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ризабек Батталұлы арнайы іссапармен келді.


«Дін және қоғам» тақырыбындағы аудан тұрғындарымен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Ризабек Батталұлы біте қайнасқан дәстүр мен дін, қазақы тәрбиенің маңыздылығын айтып, жастардың жат идеологияның құрығына түсіп қалмау үшін сақтану шараларын айқындап берді.


Дін тұрғысындағы түрлі уағыздарды айтып, кеңінен түсіндірген исламтанушы қоғамның айнасына айналған отбасы тәрбиесі, ата-ана мен баланың бір-бірінің алдындағы міндеттемелері, үлкенге құрмет, кішіпейілділік, әдептілік, адамгершілік қасиеттеріне бағытталған тақырыптарыға тереңнен тоқталып, діни бірлестіктер мен тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Айта кету керек, кездесудің екінші легі бүгін сағат 18.30-да мешіт жамағаттарының қатысуымен Сарысу аудандық мешітінде жалғасатын болады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі