Кез-келген жөн-жоралғы рухани күшке ие

Кітап – ең жақсы сыйлық

Кітап оқу жеңіске жететін, жолы болғыш адамдардың әдеті екен. «Жеңіске жеткен адамдардың кітапханасы үлкен болады, ұтылғандардың теледидары үлкен болады» дейді әлемге әйгілі кәсіпкер Дэн Кеннеди.
Егер адам аптасына бір рет кітап оқыса, ең азы бір жылда елу кітап оқуға шамасы жетеді.
Ал, осы елу кітаптан қанша құндылық пен қанша білім алатыныңызды есептей беріңіз. Бірақ осы құндылықтың бағасына жетіп, бәсін арттырып жүргендер саусақпен санарлық.
Осы орайда жеке басым кітапты құнды байлық ретінде санап, ең қымбат зат ретінде сыйға тартатын екі кісіні білемін.
Бірі баршамызға Елана атымен белгілі, еңбекқор ұстаз, мықты журналист Сәуле Мешітбайқызы болса, екіншісі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

###############

Бүгін анамдай жақын тартып, сырлас досымдай жақын жанға айналып кеткен апам Сәуле Мешітбайқызы «Қазақстан Zaman» газетіне –30 жыл, «Мөлдір бұлақ» журналына-20 жылдық тойдан тобықтай деп ат басындай екі бірдей алтынды құшағыма қыстырып жіберді.
Бірі «Намыс қайрағы» деп аталса, екіншісі «Ұлт шырағы» деп аталады. Ізгі ниетін білдіріп, иығыма шапан жауып, орамал тақты.
Осы сәтте бойымды ыстық сезім кернеді. Өйткені жолын жасап, жоралғы көрсетіп жатқан анамдай жаннан бата алу, әр көрген сайын маңдайыңнан сүйіп, айналайын деп анамның тіріліп келгеніндей әсерде қалдыратынын несін жасырайын.
Екі кітап туралы қысқаша баяндап өтсек:

«Намыс қайрағы» оқырманға жол тартты


Қазақстан Республикасының Еңбек сiңiрген қайраткері, ұлағатты ұстаз, журналист Сәуле Мешітбайқызының бұл кiтабына соңғы он екі жыл iшiнде басылым беттерiнде жарияланган публицистикалық мақалалары енген.
Журналист өзінің әрбiр макалаларында тiл тағдыры, адам тағдыры, ұлт мәселесі қатарлы коғамның сан салаларын, проблемаларын, елiмiзде болып жатқан елеулi оқиғалар, экономикамызды тұралатқан, халықты сансыратқан өткір жайттар жайлы кесек-кесек мақалалар жазған.
Мәселен, Жаңаөзен, Арыс, Қордай, Жамбылдағы бүкiл әлемдi өзiне қаратқан оқиғалардың ортасында болып, «QAZAQSTAN DAUIRI» газетiнде дүркін-дүркiн отты мақалалар жазды, ЕлАна ретiнде халыққа басу айтты. Сәуле Мешітбайқызының кай мақаласын алсаң да жан-жақтылығымен, тілінің көркемдiгiмен, сөз саптасымен оқырманды баурап алады. Оқырмандар әлемiне жол тартқан бұл кітап шынында да намысыңды кайрайды, жан дуниенi байытып, рухтандырады. Кiтап жалпы көпшiлiк қауымга арналған.

«Ұлт шырағы» кітабының берері мол

Тәуелсiздiгiмiзден тура бір айдан сон дүние eciгiн ашқан «ZAMAN-Қазақстан» (қазiргi «Qazaqstan dauiri») газеті талай бұралаң жолдардан өтiп, бүгiнгi күнге аман-есен жеттi.
30 жыл iшiнде бұл басылым қазақ халкының көзайымына айналды. Себебi ол халыктың тыныс-тiршiлiгiн, мұң-мұқтажын тынбай жазды, қалың оқырманның сырласына айналды.
30 жылда 30 қалың дастан жазған халықаралық газет ұжымы өзінің шығармашылық айдынында әлi де замана желiне қарсы ақиқат желкенiн керiп, алға қарай «Келешек ушiн бәріміз жауаптымыз!» деген ұранмен тынбай жүзiп келедi. Газет шекпенінен шыққан балалар журналы «Мөлдiр бұлақ» та 20-ға толып, жiгiт жасына жеттi.
Бұл кітапта қос басылымның тарихы, шежiресi жазылып, ол игi тiлектермен қадау-қадау мақалалардың қаймағымен әдіптелiп, окырманына жол тартты.

##########

Сәуле апамыз әр келген сайын рухани дүнием бір байып, жан дүнием рахаттанып қалады.
Расында да «білгеніміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз» екенін осындай көргені мен түйгені мол жандардан сұрап-біліп, ғибрат алғанымыз өзімізге ғана емес, ұрпағымыз үшін де маңызы бар дүние.

Дариха Үмбетиярова